І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің құқық және экономика факультетінде «Құқық, экожүйелер және тұрақты дамуды зерттеу» орталығы ашылды.
Салтанатты жиында Академиялық мәселелер жөніндегі проректор Бауыржан Таубаев сөз сөйлеп, орталықтың маңызына тоқталды.
«Бұл орталық ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің «Жер қатынастарын реттеудегі заманауи сын-қатерлер: тарихи-құқықтық талдау» бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында ашылып отыр. Орталық – құқық, экожүйелер және тұрақты даму саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруға, кешенді зерттеулердің нәтижелерін ғылыми айналымға енгізуге көмектеседі», – деді проректор.
Орталықтың басты мақсаты – аумағындағы жер қатынастарын зерттеу, жер қатынастарының экономикалық мәні, өңірдегі жер меншігі мен шаруашылық формаларының қалыптасуы мен дамуының тарихи кезеңдерін анықтау, жерге меншік пен оны пайдалану құқықтарын жүзеге асыру мақсаттарында мемлекеттік шаруашылық жүргізу, ауылшаруашылық жерлерін пайдалану, жер айналымы жағдайының тиімділігін анықтау, жер қатынастарын реттеудің экономикалық механизмі, ауыл шаруашылығына арналған жерлердің айналымы механизмін жетілдіру, аграрлық және ұлттық саясаттың нәтижелерін ашып көрсету, жер саласындағы экологиялық қауіпсіздіктерге құқықтық зерттеу жүргізу, жер заңнамасына, экологиялық заңнамаларға толықтырулар мен өзгерістер әзірлеу.
Жоба жетекшісі заң ғылымдарының докторы, профессор Лаззат Калымбековна Еркинбаева.
https://zhetysu.edu.kz/2025/04/04/құқық-экожүйелер-және-тұрақты-дамуд/







